Түркия қалыпты жұмыс режиміне көше бастады
<p style="text-align: justify;">Түркияда 1 шілдеден бастап карантин тәртібі жеңілдеп, бірқатар шектеулер алынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы президент Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Енді елде күнделікті коменданттық сағат пен жексенбілік локдаун енгізілмейді. Қалааралық қоғамдық көліктердің жұмысы да жанданады. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Айта кетейік, соңғы тәулікте елде 5 мыңнан астам кісі қауіпті індетті жұқтырып, 51 науқас көз жұмды.
«Шілдеден бастап коменданттық сағатты толығымен алып тастаймыз. Музыкалық кештерге арналған шектеуді түнгі 12-ге дейін ұзарттық. Енді әрбір азаматтың екпе алуы маңызды. Әсіресе 18 жастан асқандар бұл мәселеге бей-жай қарамауы керек», деп мәлімдеді Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған.