Оқиға
1 мин оқу 260

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жол апатында жүргізуші қаза тауып, жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 11:20-да Жертұмсық ауылының жанында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, «КамАЗ» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автокөлікте болған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді», дейді департаменттегілер. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде. 

Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар