Қазақстан
1 мин оқу 572

Алматыда антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі

<p style="text-align: justify;">22 маусым күні Алматының Алмалы ауданы Клочков көшесінде таңғы сағат 10:00-ден түскі сағат 13:00-ге дейін жоспарланған антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – адам көп жиналған жерде террорлық қауіп төнген жағдайда өзара іс-әрекет дағдысын жетілдіру.

Оқу міндеттері террористік көзқарасқа осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін дамытуға бағытталған.

Хабарланғандай, оқу-жаттығу кезінде жүріс-тұрысты шектеу шаралары қарастырылады.

Сол себепті қаланың терроризмге қарсы жедел штабы тұрғындардан атқарылып жатқан амалдарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Сондай-ақ ҚР ӘҚбК 443 бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескеру қажет.

Бөлісу:
Алматыда антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар