Қоғам
1 мин оқу 140

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

<p style="text-align: justify;">21 маусымда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2021 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Польша, Беларусь Республикасы, Түркия, Черногория, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 4 533 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 298 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1101 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 318 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;

- Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, 190 жолаушы;

- Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 9 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына - 2 рейс, 33 жолаушы.

Сонымен қатар, 21 маусымда Ош-Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Бөлісу:
ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар