Оқиға
1 мин оқу 463

Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 23.00 шамасында Өскеменнен Семейге шыға беріс жолда болған.

«ВАЗ-212014» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Нұрлы көш ауылының маңында 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу: