Аймақтар
1 мин оқу 170

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды

<p style="text-align: justify;">Аптаның басында Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркістан-Ташкент бағытында отандық әуе компаниясының ұшағы көкке көтерілді. Тұрақты рейстер әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндеріне белгіленген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған бағыттағы билеттің құны 9 999 теңгеден басталады. Өзбекстан астанасына түйісу рейстері арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшақпен жетуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта билеттерді брондау бүгінгі күннен басталды.

Бөлісу:
Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар