Оқиға
1 мин оқу 364

Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылды

<p style="text-align: justify;">Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО полиция департаменті тәртіптік комиссиясының 21 маусымдағы шешімімен теріс іс-қылық жасағаны үшін Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Берік Ибрашев ішкі істер органдарынан босатылды. Оның тікелей басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілік тартылды.

Сондай-ақ Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының 21 маусымдағы қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес Б.Ибрашев жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Бөлісу: