Арнайы әскери қызметкерлер күні мерекелік күндер тізіміне енді
<p style="text-align: justify;">Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне жаңа дата енді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Премьер-Министрдің ресми сайтында «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулы жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын: «11-2. Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым». 2.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», деп жазылған құжатта. Осылайша, бұдан былай 9 маусым мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні ретінде аталып өтетін болды.