Қоғам
1 мин оқу 175

15 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етуде, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.</p>

15 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді

Шетелдік жұмыс күшін тар­туға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам. Сондай-ақ маусым­дық жұмыстарға – 1 825 адам, ал кор­поративтік ауыстыру шең­­­берінде – 1 807 адам тар­тыл­ған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 782 жұ­мыс беруші бар. Оларда ша­мамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жал­пы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шыға­тын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үн­дістан – 1 090 адам, Ұлыбри­тания – 959 адам.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота бел­гілейді. 2021 жылы квота мөл­шері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бір­лікті құрады.

Бөлісу:
15 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар