Әлем
1 мин оқу 174
Түркия TURKOVAC вакцинасын сынаудың үшінші кезеңін бастады
<p style="text-align: justify;">Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина TURKOVAC деп аталады.
«Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі арқылы Түркия бұл салада жаңа парақтың бетін ашады», деді президент.
Түркия президенті елде коронавирусқа қарсы вакцинация процесі бірнеше аптаның ішінде 18 жастан асқан бүкіл халықты қамтитынын хабарлады.
Бөлісу: