Отгонцэцэг Галбадрах Токио олимпиадасына жолдама алды
<p style="text-align: justify;">22 маусымда Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес, Токио олимпадасына жолдама алған дзюдошылар тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оған сәйкес, Шымкент қаласының спортшысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіде лицензияға иелік етті. Спортшы олимпиадалық рейтингте тиісті ұпай жинаған.
Отгонцэцэг Галбадрах – әлемдегі үздік дзюдошылардың бірі. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әлем чемпионатының және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Сонымен, Шымкент қаласы спортшыларының қоржынында 11 Олимпиада жолдамасы бар.
Стенд ату – Сәрсенкүл Рысбекова, Зоя Кравченко
Оқ ату – Юрий Юрков
Бокс – Закир Сафиуллин
Каратэ – Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева
Байдарка және каноэда есу – Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика – Алина Әділханова
Дзюдо – Отгонцэцэг Галбадрах