Күрес
1 мин оқу 211

Биылғы «Қазақстан Барысында» қандай өзгерістер бар?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан барысы&raquo; мерейтойлық турнирі 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.&nbsp;Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте &laquo;Qazaq kuresi&raquo; қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов айтты, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алайда елорда «қызыл аймақта» болғандықтан, спорт кешеніне көрермендердің тек 20%-ы ғана кіре алады. Кіруге «Ashyq» қосымшасы арқылы рұқсат етіледі. 

«Басқа облыстар мен қалалардың жанкүйерлерін турнирді теледидардан тікелей эфирде көруге шақырамыз. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары, ресейлік «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», сондай-ақ түріктің «TRT AVAZ» телеарналары көрсетеді. Жарыс 4 шілде күні сағат 13:00-де балуандардың жеребе тастауынан басталады. Жекпе-жектер алты сағатқа созылады деп күтілуде», деді спикер. 

Ресми салмақ өлшеу рәсімі 2 шілде күні сағат 19.00-де «Хан Шатыр» СОО-да өтеді.

Бөлісу: