Қазақстан
2 мин оқу 871

Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық академиялық кітапханада Екінші дүниежүзілік соғыс басталуының 80 жылдығына арналған &laquo;Лесная песня&raquo; тақырыбындағы халықаралық кітап көрмесі мен Кемел Тоқаев атындағы шығармашылық залы таныстырылды.</p>

Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды

«Лесная песня» атты кітап-иллюстрациялық көрмесіндегі материалдар Беларусь Респуб­ликасының Ұлттық кітапханасы мен Беларусь Ұлттық мұрағат­тарының қорларынан алынған. Сондай-ақ «Орман әндері» жазылған баннерлер мен Бе­ла­русь партизандарының қоз­ғалысы және ұйымдасқан қарулы күрестің мақсаттары туралы нақ­ты мәліметтер көрсетілді. Қол­жазба журналдары, әскери опе­рациялардың карталары мен сызбалары, партизан мек­тептеріндегі балалардың қолынан шыққан ерекше жұмыстары да қойылды.

Қазақстандық майдангер-жазушы, ақын, журналистердің саны тоқсаннан асады. Мәселен, Б.Момышұлы, Д.Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, К.Тоқаев, Қ.Әб­діқадыров, В.Чугунов, М.Абдуллин, Қ.Аманжолов, А.Жұмағалиев, Б.Бұлқышев, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, М.Ғабдуллин, П.Кузнецов, И.Адамбеков, А.Исмамбетов, Х.Ерғалиев, Ә.Шәріпов, Қ.Қай­сенов және басқалары бар.

Соғыс тақырыбына өлшеусіз үлес қосқан қазақстандық ав­торлардың арасында Кемел Тоқаев шығар­маларының орны ерекше. Жа­зушы Ұлы Отан со­ғысының ардагері, І және ІІ дә­режелі «Отан соғысы» ор­ден­дерінің иегері, Сталинград, Украина, Беларусь және Поль­шада өт­кен шайқастарға қа­тысқан. Көп­теген әскери оқи­ғаның тікелей қа­тысушысы ре­тінде кейіп­кер­лердің болмысын, сезімдерін дәл әрі шебер суреттей алды.

Осыған орай Ұлттық акаде­миялық кітапханада қазақ детектив жанрының көрнекті өкілі Кемел Тоқаев атындағы шығармашылық залы ашылды. Мұндағы мақсат – жастарды адалдыққа, ерлікке, отан­сүйгіштікке баулу, майдангерлерге құрмет көрсетуге, детективтік жанрдағы шығармаларды оқу­ға оқырмандардың қызы­ғу­шы­лығын ояту. Өз уақытында кітаптары жүз мың данамен оқыр­манға жол тартқан қа­лам­гердің рухани мұрасы кейінгі ұр­пақ бойындағы патриоттық сезі­мін оятуға өз септігін тигізері сөзсіз.

Залда Кемел Тоқаевтың кітаптары, әлемдік және қазақ­стандық детектив жанрындағы үздік туындылар, Ұлы Отан соғысы туралы жазылған шығар­малар, сол кезеңдегі жарияланған мақалалар, хаттар, мерзімді басылымдар, аудио-бейнематериал­дар, соғыс тақырыбындағы экспонаттар ұсынылған.

Айта кетейік, Ұлттық ака­демиялық кітапхана еліміздің белгілі ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлері атындағы оқу зал­дарының болуымен ерек­шеленеді. Атап айтсақ, «Абай» ака­демиялық оқу залы, «Құн­­ды тарту» залы, жазушы Әбіш Кекілбаев оқу залы, «Мыр­затай Жолдасбековтің ме­мо­риал­дық кітап коллекциясы» оқу залы, Дүкенбай Досжан атын­дағы «Жазушы» залы, академик Кеңес Нұрпейісұлының «Ғы­лым» залы, «Әкім Тарази» оқу залы, Тұр­сынбек Кәкішев атындағы «Ға­лым» оқу залы, түрколог ғалымдар Бейсенбай Кенжебаев пен Немат Келімбетов атындағы «Түркология» оқу залы, жазушы Қажығали Мұқамбетқалиұлының оқу залы, қоғам қайраткері Қуа­­ныш Сұлтанұлының жеке кі­тап­ханасынан «Рухани жаң­ғыру» залы, Балалар кітапха­насының оқу залы. Одан бас­қа Зәки Ахметов, Хамит Ерға­лиев, Халифа Алтай, Хасен Орал­тай­дың жеке кітапханалары оқыр­ман сұранысына ие.

Кездесу ТМД елдері елшілік­терінің, мемлекеттік органдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның қаты­суымен онлайн форматта өтті.

Іс-шараны Ұлттық акаде­миялық кітапхана, Беларусь Рес­­пуб­ликасының елшілігімен және Беларусь Республикасының Ұлт­тық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Кемел Тоқаев атындағы зал ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар