Спорт
1 мин оқу 264

Олимпиадада алкогольге орын жоқ

<p style="text-align: justify;">Cәрсенбіде Олимпия ойын&shy;дарының бас&shy;&shy;талуына бір ай қалғанда, Токио ұйымдастырушылары ойын өтетін жерлерде алкоголь ішуге тыйым салды.</p>

Осылайша, олар пандемия жағдайында қауіпсіз іс-шара өткізуге мүмкіндік беретін өзге де шараларды белгіледі. Олимпия және Паралимпиада ойын­дарының Ұйымдастыру комитеті билет иелері үшін қауіпсіздік ережелерін жариялады. Оның ішінде қатты қол шапалақтауға, «бестік» беруге, сүлгіні бұлғауға, сондай-ақ жарыстар өтетін жерлерде алкогольді ішімдіктерді сатуға немесе көрермендердің өздері әкелуіне болмайды. Хабарландыру Токиода бір күнде 619 адамның вирус жұқтырғаны туралы белгілі болғанға дейін жасалды. Бұл – шамамен бір айдың ішіндегі бір күндік ең жоғары көрсеткіш. Осыдан екі күн бұрын ұйымдастырушылар көрермендердің келуіне айтарлықтай шек­теулер қойған еді. Бұл шектеулер билет санын 910 мыңға қысқартуға мәжбүр етті. Ұйымдастырушылар ойын­дар­дың негізгі демеушілерінің бірі Asahi сыра қайнату зауыттарын ескере отырып, кейбір шектеулерді енгізу арқылы алкоголь сатуға рұқсат беру мүмкіндігін қарастырғанын хабарлады.

Алайда БАҚ-та хабарлағаннан кейін көп ұзамай қоғам, медициналық сарапшылар мен билеуші, оппозициялық заң шығарушылар бұл шешімді сынға алған. Нәтижесінде, көрермендерге алкоголь сатылмайтын болды.

Бөлісу:
Олимпиадада алкогольге орын жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар