Технология
1 мин оқу 1,045

Теміржол көлігін жасау қарқын алды

<p style="text-align: justify;">Индустрияландыру нәтижесінде елімізде теміржол көлігін жасау кластері құрылғаны белгілі. Бүгінде Қазақстанда локомотивтер, электровоздар, жүк және жолаушылар вагондары, термос вагондар, тұтас таптамалы доңғалақтар, бағыттамалы бұрмалардың бандаждары өндірісі жолға қойылған.</p>

Теміржол көлігін жасау қарқын алды

Бұл ретте отандық теміржол та­сымал­даушыларының қажеттігін өтеу үшін бірқатар маңызды жобалар жү­зеге асырыл­ды. Мәселен, Локомотив құрас­тыру зауыты заманауи маневрлік тепловоздарды шығара бастады. Оның өнімі ішкі нарыққа да, экспортқа да бағытталған. Жүк және жолаушы электровоздарын шыға­ратын Электровоз құрастыру зауыты да ішкі және сыртқы нарықтардың сұранысын өтеуде.

«ЗИКСТО» АҚ жүк вагондарын өндірумен әрі жөндеумен айналысады. Компания осы жылдың қаңтар-мамыр ара­лығында 298 вагон өндірді. Қа­зақстан вагон компания­сы да жүк вагондарын шығарады. Бұл кәсіпорын қаңтар-мамыр ай­ларында 250 вагон өндірген. «Тұлпар» вагон құрастыру зауыты жылына жолау­шыларға арналған 150 вагон шы­ға­руға қауқарлы.

Сондай-ақ «Проммаш­комплект» кәсіпорыны жылына 300 мың доңғалақ жұбынан тұратын тұтас таптамалы доңғалақтарды өндіреді. Бұдан бөлек, Сool Infinity ЖШС инновациялық изо­тер­миялық вагондарды шығарады. Ком­­пания өнімдері негізінен экспортқа бағыт­­талған.

Жоғарыда аталған кәсіпорындардың жоспарына сүйенсек, биылғы жыл жеміс­ті болуға тиіс. Бұл ретте төрт зауыт­­тың өнімі (Локомотив құрастыру зауы­ты, Электровоз құрастыру зауыты, «Проммашкомплект», Cool Infinity ЖШС) ТМД аумағында кеңінен танымал.

Бөлісу:
Теміржол көлігін жасау қарқын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар