Теннис
1 мин оқу 140

Жарысты сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Елена Рыбакина Ұлыбританияда өтіп жатқан халықаралық турнирді сәтті бастады.</p>

Жарысты сәтті бастады

Әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған тағы бір жерлесіміз Михаил Кукушкиннен екі сетте басым түсті – 6:1, 6:4.  Бұған дейін қарсыластар бір-ақ рет шеберлік байқасып, онда Кукушкиннің мерейі үстем болған еді. Бұл жолы Бубликтің бағы жанды.  Енді А.Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, Беларусь өкілі Егор Герасимовпен таласады.

Ал әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 141-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартті ұтты. Үш сетке созылған бәсекеде отандасымыз 7:6 (7:5), 6:4 нәтижесімен басым түсті. Е.Рыбакина келесі айналымда әлемнің 5-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен ойнайды.

Бөлісу:
Жарысты сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар