Қазақстан
1 мин оқу 450
ҚазАқпарат «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды
<p style="text-align: justify;">ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Агенттік «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңіске жетті.
Марапатты ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында осындай марапат алу – тұтас «ҚазАқпарат» акционерлік қоғамы үшін үлкен құрмет. Журналистерге, оқырмандарға, әділқазы алқасына үлкен алғыс айтамыз. Көп рахмет сіздерге!», деді «ҚазАқпарат» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Умаров.
Бөлісу: