«Қызыл» статусы бар 600-ге жуық адам оқшаулау режимін бұзған
<p style="text-align: justify;">Ashyq жүйесі бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
10 және 21 маусым аралығында Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарда «қызыл» статусы бар 570 және «сары» статусы бар 879 адам тіркелген. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары «қызыл» статусы бар қалған тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 10 маусымда КВИ-ға шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енген болатын. Белгіленген талаптарды орындамағаны үшін оқшаулау режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 452-бабы).