Аймақтар
1 мин оқу 310

Елордада еріктілердің бастамасын қолдауға арналған гранттар байқауы өтеді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 2 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Байқау аясында волонтерлық бастамаларын жүзеге асырғысы келетін 20 жас анықталады. Оларға 300 мың теңге көлемінде шағын грант беріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлық бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастарды анықтау.

Жобалар қаланың экологиялық, экономикалық әлеуметтік мәселесін шешуге арналған, сондай-ақ инновация, ғылым, спорт т.б. бағыттар бойынша қабылданатын болады.

Бөлісу:
Елордада еріктілердің бастамасын қолдауға арналған гранттар байқауы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар