Оқиға
1 мин оқу 114
Павлодарда жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Павлодар маңында жүргізуші скутердегі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 22:10-да Павлодар ауылында Торговая және Степная көшелерінің қиылысында «Дэу Матиз» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі скутермен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.
Бөлісу: