Қазақстан
1 мин оқу 200

Қазақстан вакциналау бойынша 42-орында тұр

<p style="text-align: justify;">Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымы әлем елдерінің халықты вакциналау деңгейі туралы кезекті рейтинг жариялады. Қазақстан жаңа рейтингте 18 орынға алға жылжыған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елдегі вакцинанын екі компонентін де толық алған тұрғындардың үлесі сәуір айының соңында 9,4% болған. Санмен алсақ, бұл 1,79 млн адам деген сөз.

Науқан басталғаннан бері әрбір оныншы қазақстандық вацина алып үлгерген.

21-24 маусымдағы мәліметтер бойынша вакциналау науқанының абсолютті көшбасшысы Қытай болып отыр. Мұнда вакцинаны 223 миллионнан астам адам алған. Бірақ халықтың жалпы санына шақса, бұл ел азаматтарының тек 15%-ы ғана.

Көшбасшылар үштігінде АҚШ бар. Бұл елде вакцина алғандар саны 150 миллионнан асады. Үшінші орында Үндістан тұр. Бұл мемлекетте 51 миллионнан астам азамат немесе халықтың 3,7%-ы екпе алған.

Бөлісу:
Қазақстан вакциналау бойынша 42-орында тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар