Аймақтар
1 мин оқу 173

500-ге жуық қостанайлық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қосылған

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ashyq&raquo; жобасы Қостанай облысының барлық аудандарында ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап жұмыс істеуде, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушылары болса, 62-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.

Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды («Ashyq» жобасына қатысушылар) тексеріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді.

Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантиндік талаптарды бұзған 4 нысан анықталды, 3 жеке тұлға («Ashyq» қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 466 720 теңгені құрайды.

26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында «Ashyq» жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 тұлға және «сары» мәртебесі бар 6 тұлға анықталды. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Бөлісу: