Аймақтар
1 мин оқу 360

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастыруда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс алдағы  шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Іс шараның мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру.  Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау.

Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мемлекеттік бюджеттен еш қаржысыз ұйымдастырылады.  Жарыс «Black Rock Business» ЖШС-нің демеушілігімен өтеді. Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ.  Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайтынан танысуға болады.

Бөлісу:
Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар