Коронавирус
1 мин оқу 590

Төрт өңір «қызыл аймаққа» қайтып келді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, Алматы қаласындағы эпидемиялық жағдай жалпы республика бойынша мутацияланған штаммдардың таралуына байланысты күрделі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Төрт өңір «қызыл аймаққа» қайтып келді

Осы жылдың 26 маусымында коронавирустық инфекция ауруы бойынша эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 4 өңір қызыл аймаққа кірді. Олар Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы.

Алматы қаласы бойынша соңғы 5 тәулік ішінде 110 жағдайдан тәулігіне 217 жағдайға дейін өсті.

Соңғы екі аптада бетперде мен қашықтық режимдердің сақталмауы, халықтың вакцинаға қарсылығы салдарынан R санының (жұқтыру көрсеткіші) 0,7-ден 1,197-ге дейін өсуі байқалды. Осы жағдайға байланысты, Алматы қаласының Бас мемлекеттік дәрігерінің шектеу іс-шараларын күшейту туралы қаулысы дайындалды.

COVID-19 ауруының жоғарылауы, жаңа дельта штаммының пайда болуы, инфекцияның жоғары деңгейімен әрі тез таралуымен байланысты.

20 маусымнан бастап зерттеуге жеткізілген 133 сынаманың 125-сі анықталды. Мысалы, 77 сынамада (62%) - британдық штамм, 45-те (36%) үнді штаммы, бұл ретте 44 жағдайда соңғы үш тәулік ішінде, 2-уінде оңтүстік африкалық, 1-уінде нью-йорктік штамм анықталды.

Осыған байланысты, қала тұрғындарына бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау, халық көп жиналатын орындар мен бұқаралық іс-шараларға барудан бас тарту, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинадан өту қажеттілігі тағы да ескертіледі.

Бөлісу: