Спорт
1 мин оқу 172

Түркиядағы турнир: Қазақстандықтар 5 медаль алды

<p style="text-align: justify;">Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияда халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркиядағы турнир: Қазақстандықтар 5 медаль алды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, 26 маусым күні Түркияның Ыстанбұл қаласында әйелдер күресінен «Яшар Догу» атындағы халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды.

55 келіде Айша Уәлишан, 65 келіде Айна Теміртасова, 72 келіде Валерия Гончарова жарыстың күміс жүлдегерлерін иеленді.
Ал 65 келіде белдескен Гаухар Мұқатай мен 55 келідегі Сандуғаш Дүйсенова қоржынды қос қоламен толықтырды.

Бөлісу:
Түркиядағы турнир: Қазақстандықтар 5 медаль алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар