Тәуелсіздік
2 мин оқу 323

Тәуелсіздік тарихын тамашалайды

<p style="text-align: justify;">Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған &laquo;Қазақстандық жол&raquo; жобасы іске қосылып, оның алғашқысы астана күні қарсаңында &laquo;Арман қала&raquo; көрмесімен ашылды.</p>

Тәуелсіздік тарихын тамашалайды

Аталған жобаның негізгі идеясы – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңіндегі ай­мақтардың дамуына пано­рамалық шолу көзделген. Жыл соңына дейін елордадағы Қа­зақстан Республикасы Тұң­ғыш Президентінің бі­рінші резиденциясындағы тарихи ғимараттың көрме ала­­ңында еліміздің барлық ай­­мақтарына арналған іс-ша­ралар өтеді.
– Елбасы кітапханасы елі­міздің ерекше мерекелерінің бірі – Астана күні қарсаңында қала жұртшылығымен қуана қауышып отыр. Биыл – мем­лекетіміз үшін ерекше жыл, Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­дық мерейтойы. Егемен еліміз­дің тарихы жас астанамен ты­ғыз байланысты. 1997 жыл­ғы 10 желтоқсанда дәл осы жерде Н.Ә.Назарбаев рес­пуб­­лика астанасының Ақ­мо­лаға көшірілетінін жария­лап, еліміз үшін маңызды тарихи шешімдердің жаңа астанада қабылданатынын хабарлаған болатын. Бұл оқи­ға осы киелі ғимаратта, ұлы державалық мемлекет басшыларының басын қос­қан Тұңғыш Президенттің бұ­рынғы резиденциясында болған еді. Бүгінгі Қазақстан астанасының тарихы мен бо­лашағы «Арман қала» көр­месіне арқау болып отыр. Себебі, таңғажайып бас қала – ел арманы мен үмітінің қаласы, елімізді мекен еткен барша ұлттың үлкен мақ­та­нышы, – деді салтанатты іс-шараның ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
Одан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов көрмені ұйымдастырушыларға риза­шылығын білдіріп, сәт­тілік тіледі.
Мазмұнды іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, елор­далық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві және «Астана­генплан» ҒЗЖИ ЖШС мен «KazExpoCongress» АҚ бірле­сіп ұйымдастырылды.
Көрме Елбасы жеке архиві мен Елбасы кітапханасы му­зейіндегі кітап қорының материалдары негізінде аста­наның қалыптасуы мен даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі саналады. Ол екі бөлімнен тұрады, бірінші «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз Қазақстанның жа­ңа астанасы» бөлімінде жаңа астананы салу бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары мен идеялары туралы дүниелер ұсынылса, екінші «Нұр-Сұлтан – дипломатия және бітімгершілік орталығы» бөлімінен елордада өткен, жас астананың және тұтастай мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал жасаған жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғалар туралы материалдар кешенімен таныс боласыз.
«Қазақстандық жол» жоба­сының қорытынды көрмесі азат­тығымыздың бесігі – Алматы қаласына арналады. Іс-шара Қазақстанның Тә­уел­сіздік күні қарсаңына жос­парланып отыр.
Айта кетейік, «Арман қала» көрмесі 8 тамызға дейін жал­ғасады.

Бөлісу: