Оқиға
1 мин оқу 1,340

Қостанай облысында жол апатынан 3 жасөспірім қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған үш бала қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«26 маусым күні «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолында Renault Sandero көлігін жүргізіп келе жатқан 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озу кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault Sandero-да отырған 14 жастағы екі бала мен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты», деп хабарлады полициядан.

Аталған көліктің жүргзушісі мен 40 жастағы жолаушы дене жарақаттарын алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бөлісу: