Қоғам
1 мин оқу 231

Алматыда коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарап жатыр – Бекшин

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыда балалар мен қарттар арасында жұғу дерегі көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстанда эпидахуалды бақылап отыратын ASHYQ қосымшасы тек кәмелетке толғандар үшін ғана қолжетімді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Ресейде балалар қоғамдық орындарға бармас бұрын тексеруден өтуіне қатысты іс-шаралар қабылданғанын айтты.

Бізде балаларға қатысты мұндай шаралар қабылдануы мүмкін бе деген сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері былай деп жауап берді: «Бізде бұл мәселе әлі қарастырылған жоқ. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию режимі енгізілген жоқ. Бұрын індет туралы балаларға қатысты сөз аз қозғалды. Қазіргі жағдайды қарасақ, бір апта ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың таралуы 4%-ға артқан. Ал 60 жастан асқандардың арасында 6%-ға көбейген. Бұл жаңа пайда болған штамның қаншалықты патогенді екендігін көрсетіп отыр», деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, балалардың ауруға шалдығуы көбейсе, бұл деректер ASHYQ қосымшасына енгізілуі мүмкін.

Бөлісу:
Алматыда коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарап жатыр – Бекшин · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар