Әзербайжанда Қазақстан туралы арнайы хабар көрсетілді
<p style="text-align: justify;">Әзербайжан Республикасында үш тілде хабар таратып отырған халықаралық «CBC» телеарнасы бүгін бауырлас Қазақстан туралы арнайы хабар ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Хабарды дайындаған журналист Мехрибан Касумова Қазақстанда туып-өсіп, кейін тарихи отанына оралған әзербайжан ұлтының азаматшасы.
Ол екі мемлекет арасын экономикалық байланыстар ғана емес, ел басына күн туған тұста қол ұшын созуға даяр тұрар бауырластықтың берік екендігін айтады.
Сондай-ақ журналист Мехрибан Касумова Кеңес заманында Қазақстанға келген аталарының қазақ ұлтынан қандай қамқорлық көргенінен бастап, кешегі Қарабақтағы қақтығысқа дейінгі аралықтағы Қазақстанның Әзірбайжан еліне деген қолдауын ерекше атап өткен.