Оқиға
1 мин оқу 360

Павлодар облысында жол апатынан 4 жасар қыз қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы Береке ауылында ВАЗ-2106 автокөлігі 4 жасар қызды қағып кетті. Ауыр соққы салдарынан сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 28 маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында Атамекен көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, кішкентай қыз жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен.

Қазіргі таңда 21 жастағы жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 354-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол қамауға алынған.

Бөлісу: