Бокс
1 мин оқу 1,790

Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде Головкинге жетіп алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін&nbsp;BoxRec-тің P4P рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жекпе-жек өткен демалыста Лас-Вегас қаласында болды. Жәнібек алтыншы раундта Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундтан кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осыдан кейін Әлімханұлы BoxRec-тің P4P рейтингінде қазақстандық боксшылар арасында екінші орынға көтерілді, ал тізімде бірінші Геннадий Головкин тұр (41-1-1, 36 КО).

Сонымен қоса қазақстандық боксшылардың P4P рейтингіндегі топ-5 тізімде Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО), Қанат Ислам (28-0, 22 КО) және Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) бар.

Бөлісу: