Аймақтар
2 мин оқу 624

Алматыда аптап ыстық болады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

30 маусымда Алматыда сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал. Осыған байланысты ТЖД төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

– Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Еске сала кетсек, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киіңіз және күнен қорғайтын сықпа май қолданыңыз;

– Ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;

– Сұйықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішіңіз;

– Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

– Автокөлікпен ұзақ сапарды шекпеуіңіз керек. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;

– Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін;

– Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және өміріңізге қауіп төнсе, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

Бөлісу:
Алматыда аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар