Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қалай жұмыс істейді?
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ashyq жобасына қатысатын кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру рұқсат ету қамтамасыз етілсін», деп жазылған жаңа қаулыда.
Құжатта қаулының мән-маңызын халыққа түсіндіру қалалық ішкі саясат басқармасына, ал орындалуы Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктеріне жүктелген.
Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.