Аймақтар
2 мин оқу 420

Сыр өңірі «сары аймаққа» қайта оралды

<p style="text-align: justify;">Елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты сақтық шаралары қайта күшейтіліп, біраз өңірлер &laquo;қызыл аймаққа&raquo; өтті. Ал осыған дейін індет жұқтырғандар саны айтарлықтай азайып, &laquo;жасыл аймақтың&raquo; жайбарақат тірлігіне бой үйрете бастаған Сыр өңірі &laquo;сарының&raquo; табалдырығын аттады.</p>

Сыр өңірі «сары аймаққа» қайта оралды

27 маусымдағы мәлімет бо­йынша өңірде 28 адам індет жұқ­тырған. Келесі күні 17 жағдай тір­келді. Жыл басынан бері облыста 3 707 тұрғынның бойынан дерт белгісі байқалған. Әрине, олардың дені емделіп шықты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орын­­басары Балжан Шәменова, об­лыстық санитарлық-эпи­де­мио­логиялық бақылау депар­та­мен­тінің басшысы Динара Жаңа­бергенова, облыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысы­ның мін­детін атқарушы Жангелді Ша­йым­бетовтің қатысуымен брифинг өтіп, өңірдегі вакциналау жұ­мыстарының барысы жайлы айтылды.
– Соңғы күндері індет жұқ­тырғандар саны көбейіп, облыс «сары аймаққа» өтті. Осыған бай­ланысты сақтық шараларын кү­шейте түсеміз. Бұл ретте тұр­ғындардың да өз саулығына сал­ғырт қарамай, белгіленген шектеу­лер талаптарын сақтағаны жөн. Ауруды азайтуға мүмкіндік бе­ретін ұжымдық иммунитет қа­лып­тастыру үшін халықтың кем дегенде 60%-ы вакциналаудан өтуі қажет. Жағдайды барын­­­ша тез тұрақтандырудың жалғыз жолы – осы, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Өңірде 106 екпе кабинеті жасақталған. Сонымен қатар адам­дар көп жиналатын жерлерде 37 жылжымалы пункт тұрақты жұмыс істеп тұр.
Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы басшысының мін­детін атқарушы Жангелді Ша­йым­бетов 1 ақпаннан бастап инфек­цияға қарсы вакциналау үшін ­
331 920 доза жеткізілгенін атап өтті. Қазір облыстағы 20 меди­циналық мекемеде егу таңертеңгі 8.00-ден түнгі 00.00-ге дейін үзі­ліссіз жүргізіледі. Аймақта вак-­­
цинаның бірінші компонентін
143 949 адам алса, екінші бөлігін 77 109 тұрғын салдырған.
Облыс бойынша инфекция­лық стационарда 225 науқас, реани­мациялық төсектік орында 24 адам ем қабылдап жатыр. Дәрі­герлер бойынан дерт байқал­ған­дарды белгіленген тәртіппен емдеуде. Ауруханада орын жетпей қалады деген қауіп жоқ.
Облыстық санитарлық-эпи­демиологиялық бақылау депар­таментінің басшысы Динара Жаңа­бергенованың айтуынша, жыл ба­сынан бері мониторингтік топ­тар рейдтік тексеріс жүргізіп, карантин талаптарын бұзудың 335 дерегін анықтаған. Шектеу талаптарын сақтамайтындар қатарында халыққа қызмет көрсету нысандары басым. Арнайы топ өкілдері көп адамның қатысуымен үй жағ­дайында ұйымдастырылған мере­келік іс-шаралар саны да азаймай тұрғанын айтады.
Ауырып ем іздегеннен, ауыр­мау­дың жолын іздеген жеңіл еке­нін әлі де түсінбей келеміз-ау.

Қызылорда

Бөлісу:
Сыр өңірі «сары аймаққа» қайта оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар