Өнер
1 мин оқу 690

Қоңыр сазға бөлеген қобыз үні

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты &laquo;Қорқыт&raquo; этноансамблі VI концерттік маусымын киелі қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығына арналған &laquo;Жез киік&raquo; атты керемет кешпен қорытындылады.</p>

Қоңыр сазға бөлеген қобыз үні

Өз заманында қасиетті қобызбен қазақ даласын қо­ңыр сазға бөлеген Ықылас бабамыз қобызшылар әу­летінде өмірге келген, оның әкесі Дүкен де, атасы Алтынбек те атақты қо­быз­шы болған. Соның да әсе­рі болар, ол жасынан өнер­ге жақын болып өсіп, есімі ерте танылады. Жал­пы, атақты күйшінің шығар­ма­ларында өзі өмір сүрген дәуір мен ел арасына кең тараған аңыз-әңгімелер ай­шықты жарасым тапқан.

Сонымен киелі қобыз үні салтанат құрған кеште ха­лықаралық байқаулардың лауреаты, Ықылас баба­мыз­дың тікелей ұрпағы Ақ­нар Шәріпбаева, Олжас Құр­ман­бек, халықаралық Шабыт фестивалінің Гран-при иеге­рі Шолпан Шарапатова, Жа­нар Жүсіпова, Тоғжан Ғай­са, Ерегүл Батқан секілді та­­лантты қобызшылар күй­шінің «Жолаушының қоңыр күйі», «Тоғыз тарау», «Ай­ра­уық­тың ащы күйі», «Жезкиік», «Ерден» және т.б. туынды­ларын орындап, тың­дар­ман­­дарын күй сазымен тол­қыт­ты.

Әсіресе, дарынды қо­быз­шы, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Рау­шан Ораз­баева жетек­ші­лік ететін «Қо­быз-Рух» ансамблінің орын­дауын­дағы «Аққу» күйі көрерменнің қиялын көк­ке самғатып, ғажайып күйге бөледі десек, артық айт­қа­нымыз емес. Сондай-ақ кере­мет кеш шымылдығы «Қор­­қыт» этноансамблінің көр­­кемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің «Аманат» күйі­­мен жабылды. Бұл күй аталған өнер ұжымының «төл құжаты» секілді. Өйткені ұлттық музыка аспаптарымен орындауындағы осы күйді тыңдағанда құлағыңызға ұлы дала сарыны келіп, рухтанып кетесіз.

Бөлісу:
Қоңыр сазға бөлеген қобыз үні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар