Оқиға
1 мин оқу 604
Теміртауда жасөспірім жасанды су қоймасына батып кетті
<p style="text-align: justify;">Теміртау қаласы маңындағы жасанды су қоймаларының біріне 14 жастағы бала батып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құтқарушылар шақырылғаннан кейін бір сағат өткен соң ер баланың денесі судан шығарылды.
Қайғылы оқиға Теміртау қаласының Ақтау кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім досымен бірге шомылуға тыйым салынған жасанды су қоймасына түскен.
«29 маусым күні кешке Теміртау қаласының жасанды су қоймасында сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Сағат 19:02-де хабарлама келіп түсті, сағат 20:07-де баланың денесі табылып, судан шығарылды», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Бөлісу: