Білім
2 мин оқу 1,991

Биоотын алудың тың тәсілі

<p style="text-align: justify;">Ғылымның қай саласында болсын талапты жастар табылады. Мысалы, алматылық студенттер Назерке Халел мен Муниса Сайдиганиеваның &laquo;Күнбағыс майынан биоотын алудың маңызы&raquo; тақырыбындағы ғылыми жобасын алғаш рет &laquo;Фараби әлемі&raquo; атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конферен&shy;циясында ұсынылған болатын.</p>

Биоотын алудың тың тәсілі

Ғылыми жоба авторлары­ның айтуынша, биоотын­ның пайдасы мен маңызы зор әрі қоршаған ортаға тигізетін ­зияны аз.
– Табиғи қорлар мен энер­гетикалық ресурстардың сар­­қылу мүмкіндігі пайда бо­л­ғаннан кейін адамзат олар­ды үнемдеуге және бала­ма­­лы қуат көздерін ойлап табу­ға ты­рысып жатыр. Соң­ғы жыл­дары әлемнің бір­қатар да­мы­ған елінде биоотын өн­діру қарқынды түр­де дамып келеді. Бұл бекер емес. Себебі биоотын – жаңар­тыл­ған энергияның көзі, эко­логия­лық мәселелерді ше­шу­дің тиім­ді жолы. Әрі арзан және қолжетімді. Уақыт өткен са­йын дамып келе жат­қан қоғам мұнай мен көмір өнімдері­нен гөрі адамға да, қоршаған ортаға да пайдалы отын түрін қолданғанды жөн көреді. Сол себепті де біз осы ғылыми-зерттеу жо­ба­­сын жүзеге асыруды жөн көр­дік, – дейді Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық уни­верситетінің студенттері.
Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде өткен дәстүрлі жиында Қыз­дар университетінің жас ізде­нушілер жобасы қазылар алқасы тарапынан жоғары ба­ға­ланып, үшінші орынға ие болды.
– Бүгінде жас ғалымдар «Химия» мамандығы бойынша білім алады. Бұл – олар­дың ғылым жолындағы алғаш­қы жетістігі. Студенттер тың жо­­баны алдағы уақыт­та Жа­ра­­тылыстану факульте­ті­нің базасындағы зертханада же­тілдіріп, болашақта Start up жобаларға қатысуды жос­пар­­лап отыр, – дейді студент­тер­дің ғылыми жетекшісі.
Осы орайда айта кетейік, қоршаған ортаға зиянсыз отын­ды өндіруші елдердің саны жыл өткен сайын артып келеді және отынды өн­діру көлемі соңғы уақытта өсіп отыр. Әдетте биоотын түр­лі өсімдіктерден алынады. Айталық, осы отынды ең көп өндіретін Бразилия қант қамысынан алса, АҚШ-та оны жүгеріден өндіреді. Әрине, аталған отын түрін өндіруге деген Қазақстанның да ынта-ықыласы Еуропа елдерінен кем емес. Қазақстан биоэтанолды өндіру ісіне экспортқа бағытталған тауар ретінде басымдық беріп отыр. Бұдан бұрын еліміз өндіргелі отырған биоэтанолды бидайдан алып келгені аян.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Биоотын алудың тың тәсілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар