Қазақстан
1 мин оқу 215

Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Сербияға Ұлттық сертификаттар мен вакцина төлқұжатын өзара тану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұсынысты Қазақстанның Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының инновациялар және технологиялық даму министрі Ненад Поповичпен кездесуде айтты. Ғабит Сыздықбеков Сербияға QazVac вакцинасын жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, сербиялық тараптың вакциналаудың ұлттық сертификаттары мен паспорттарын өзара тану мәселесін қарауға енгізілгенін атап өтті.

Ненад Попович қазақстандық тараптың ұсыныстары мен бастамаларын жедел қарауға дайын екенін мәлімдеді.

Бөлісу: