Әлем
1 мин оқу 385

Канадада аптап ыстықтан 100-ден аса адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Канадада&nbsp;ауа температурасы Британдық Колумбия провинциясында төрт күн бойы көтеріліп, сейсенбі күні қалалардың бірінде Цельсий бойынша 49,5 градусқа жеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ванкувердің (провинцияның ірі қаласы) өзінде жұмадан бастап жылу соққысының салдарынан 130 өлім тіркелген. Көз жұмғандардың басым бөлігі – егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар.

Канададағы бұрын-соңды болмаған ыстық ауа температурасы +46°С-тан асып, 80 жылдық рекорд орнатты.

Соңғы рет мұндай ыстық 1937 жылы Саскачеван провинциясында тіркелген.

Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болатынын хабарлаған болатын.

Бөлісу:
Канадада аптап ыстықтан 100-ден аса адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар