Спорт
1 мин оқу 303

Андрей Луценко бесінші орынға көтерілді

<p style="text-align: justify;">Велошабандоздар арасындағы ең ірі жарыс &ndash; &laquo;Тур де Франс&raquo; көпкүндігінің бесінші кезеңі артта қалды, деп&nbsp; хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Андрей Луценко бесінші орынға көтерілді

«Астана» клубының мүшелері арасында Андрей Луценконың қарқыны қуантарлық. Күн өткен сайын көрсеткішін жақсартып келе жатқан ол бұл жолы 10-орынды иеленді. Шанже мен Лаваль қалалары аралығын қамтыған 27,2 шақырымдық қашықтықта топ жарған словениялық Тадей Погачардан (UAE-Team Emirates) жерлесіміз небәрі бір минут қана қалып қойды. Жеңімпаздың уақыты – 0:32:00. Осы жылдамдығының арқасында Луценко жалпы есепте бесінші орынға көтерілді.     

«Тур де Франстың» бесінші кезеңінен кейін нидерландтық Матье Ван дер Пул («Alpecin-Fenix») әлі де көш бастап келеді. Оның көрсеткіші – 16:51:41. Екінші және үшінші орындарда – словениялық Тадей Погачар (UAE-Team Emirates) мен бельгиялық Ваут Ван Арт (Team Jumbo-Visma).

Бөлісу:
Андрей Луценко бесінші орынға көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар