Қазақстан
1 мин оқу 300

Атырауда теріс ағымның 86 өкілі дәстүрлі дінге оралды

<p style="text-align: justify;">Атырауда теріс ағымның жетегінде жүрген 86 өкілі дәстүрлі дінге оралған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда теріс ағымның 86 өкілі дәстүрлі дінге оралды

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, биылғы алты айда деструктивті діни ағымның 350 жақтасымен 1 200 рет теологиялық оңалту іс-шарасы жүргізілген.

«Терроризм және экстремизм бабымен сотталған 39 адаммен 200 рет жеке кездесу, 8 іс-шара, 2 интелектуалдық сайыс өткізілді. Сондай-ақ, теріс ағымның жетегінде жүрген 86 адам дәстүрлі дінге оралды. Оның ішінде 64 тұрғын, 8 жазасын өтеуші, 5 студент бар. Ал, қалғаны – экстремизм бабымен жазасын өтеп шыққандар, олардың жұбайлары, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтар» дейді Қайролла Көшқалиев.

Бөлісу: