Қазақстан
1 мин оқу 461

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

<p style="text-align: justify;">ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен&nbsp; 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Комиссия сыйлыққа ұсынылған 16 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен, сондай-ақ, медицина және биология ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары, техника ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар,  ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алу үшін ұсынылған және алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Тізім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бөлісу:
Қырымбек Көшербаев мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар