Сенат Төрағасының орынбасары ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты
<p style="text-align: justify;">ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсан сессиясының қорытындылары, ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдай және халықаралық шарттарды ратификациялау барысы талқыланды.
Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ұйымға қатысушы елдерде осы жылы өткен парламенттік және президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан барған халықаралық байқаушылардың жұмыс нәтижелерін қарады.