Елорда әуежайында CIP-зал ашылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа CIP-залдың ашылуы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Жолаушылар жайлы CIP-залда халықаралық немесе ішкі рейстерге тіркелу, ұшып келу, ұшып кетумен байланысты өзге де бірегей қызметтер ала алады.
CIP-зал өкілі жолаушыларды ұшақ трапынан күтіп алып, арнайы бөлінген көлікпен жайлы CIP-залға ертіп апарады. Жолаушылар төлқұжат және кедендік бақылаудан өтіп, әуежай қызметкері жүгін әкеп бергенге дейін CIP-залда күтіп отырады», деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
CIP-жолаушылары ұшаққа отыру және жүгін алу кезінде үнемі басымдыққа ие болады. Мұндай қызметті жеке және заңды тұлғалар қолма қол ақша төлеу немесе банк картасымен есеп айырысу арқылы алады.
CIP-залды пайдалануға ниет танытқан кез келген азамат елорда әуежайына ұшып келгенде немесе ұшып кетерде алдын ала төлем жасамай-ақ CIP-зал кассасында төлем жасауға мүмкіндігі бар.