Қазақстан
1 мин оқу 281

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.

2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар