Коронавирус пен пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирус пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 27 адам қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
30 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 дерегі және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырды – 57189 адам, қайтыс болды – 993, жазылып шықты 52414 адам.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, 30 маусымда ел өңірлерінде коронавирустан 24 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыз бен 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында коронавирус 428 163 адамнан анықталды, қайтыс болды - 4399 науқас. Осы кезеңде коронавирус пневмониясын 57 189 адам жұқтырды. Қайтыс болды - 3452 науқас.