Оқиға
1 мин оқу 590

БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиеваның мәліметінше, оқиға 1 шілде күні сағат 21.00-де Жаңақала ауданы аумағында болды.

Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолында Жолқұдық елді мекені тұсында 1987 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 1993 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан 4 адам қаза тапты, соның біреуі – 7 жасар бала. Жаңақала аудандық орталық ауруханасына 8 адам жатқызылды, соның алтауы – кәмелетке толмағандар.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу: