Аймақтар
1 мин оқу 560

Түрмеге телефон кіргізбек болған

<p style="text-align: justify;">ШҚО-да 32 жастағы сотталған 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігінің бортында құмға жасырып өтуге тырысқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түрмеге телефон кіргізбек болған

ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу деректерінің алдын алды.

- Мекеменің өндірістік аймағына құм әкелген «Камазды» тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылып, тәркіленді. Оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 сим карта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған, - деп түсіндірді мекеме бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 481-бабы 1-бөлігі сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар жиналуда.

Бөлісу:
Түрмеге телефон кіргізбек болған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар