Қоғам
1 мин оқу 631

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алғандар жауапқа тартылды

<p style="text-align: justify;">Шетелдіктерді&nbsp;заңсыз жұмысқа алған&nbsp;СҚО-ның 32 тұрғыны жауапқа тартылды,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

СҚО аумағында 5 815 шетел азаматы және азаматтығы жоқ 255 адам тіркелген. Алты айдың ішінде көші-қон нормаларын 293 солтүстікқазақстандық бұзған. 

Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін елімізге келген 219 шетелдік бұзған. Елімізде болу ережелерін бірнеше рет бұзған 24 шетелдік шығарылды. Сондай-ақ шетел жұмыс күштерін заңсыз тартудың 32 фактісі анықталды. Олар көбіне жеке тұлғалардың үйлеріне жұмысқа орналасады. Қазіргі кезде шетел азаматтарын құжаттандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

«Көші-қон мәселелері бойынша кеңес алу үшін біздің мамандарға жүгінуге болады», дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. 

Айта кетсек, шете азаматтары Қазақстанға келген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар ету қажет. Электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда, визалық-көші-қон порталы арқылы, үйден шықпай-ақ тіркеуге болады. Сонымен қатар басқа мемлекет азаматының елімізде уақытша болу мерзімі асып кетіп, оны ұзартуға немесе ҚР шығуға шаралар қабылдамаған жағдайда, келушімен бірге қабылдаушы тарап та жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу: