Ұлттық спорт
1 мин оқу 710

Нұр-Сұлтанда Елбасы кубогы турнирі өтеді

<p style="text-align: justify;">5 шілде күні Астанада бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында&nbsp; айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам сәйгүлік қатысады деп жоспарланған. Шара барысында алғаш рет қазақтың қазанаты саналатын Қостанай тұқымды жылқылардың 23 шақырымдық бәйгесі өтеді.

Сонымен қатар 9 шақырымдық құнан бәйге, 16 шақырымдық кіші аламан, 25 шақырымдық аламан болады.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президентінің айтуынша, бәйгенің жалпы жүлде қоры 21 млн теңгені құрайды.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Елбасы кубогы турнирі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар